Қазақстанда қауіпті контенттен қорғайтын балалардың SIM карталары сынақтан өтіп жатыр
Сурет: pixabay
Алматыда прокуратура SIM KIDS атты пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов хабарлады.
Оның сөзінше, бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта. Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады.
Асыловтың айтуына қарағанда, жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сим-карта баршаға қолжетімді болады.
"Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру жұмысы алдын ала жүргізілуге тиіс. Бала цифрлық кеңістікте суицидке итермелейтін қауіпті ойындардан, құмар ойындарға тәуелділіктен, сондай-ақ психикасына зиян келтіретін және отбасылық тәрбие мен құндылықтарға деген көзқарасын бұрмалауы мүмкін кез келген жағымсыз контенттен қорғалуға тиіс. Ең бастысы – баланың қауіпсіздігі отбасындағы көңіл бөлуден басталады. Ересектер балалардың көңіл күйіндегі, ортасындағы және қызығушылықтарындағы өзгерістерге сезімтал болғаны жөн", - деді Асылов.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript