"Жылама, анаңды табымыз". Көкшетауда полицейлер жоғалған баланы ата-анасына аман-есен табыстады

"Жылама, анаңды табымыз". Көкшетауда полицейлер жоғалған баланы ата-анасына аман-есен табыстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2025 16:06 Сурет: polisia.kz
Көкшетауда полицейлер жоғалған баланы анасына аман-есен табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері Арман Құттыбай мен Жәнібек Шакиров орталық базар маңында бала жоғалғаны туралы хабарлама алған. Көрсетілген мекенжайға жедел жеткен тәртіп сақшылары көше бойында жылап тұрған баланы және оның жалғыз жүргенін, анасын іздеп жүргенін айтқан әйелді кездестірді.

Жағдайға бірден үн қатқан полицейлер баланы сабырға шақырып, қызметтік көлікке отырғызды. Көңілін аулап, сенімін арттыру мақсатында оған патрульдік көліктің ішкі құрылысын көрсетіп, жабдықтармен таныстырды. Кейін олар базар аумағын бірге аралап шыққан.

Біраз уақыттан соң сабасына түскен бала анасымен жиі баратын дүкендерді еске түсіріп, полицейлерге айтып берді. Осы ақпаратқа сүйене отырып, тәртіп сақшылары сауда үйлерін аралап, анасын табуға шешім қабылдаған.

Ал бұл уақытта анасы да баласын шыр-пыр болып іздеп жүр екен. Әйел сақшыларға бейжай қарамай, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: