Спорт алаңындағы төбелес: Павлодарда бес ата-анаға әкімшілік шара қолданылды

"Семья и дети" қоғамдық қорының парақшасына бір топ бала құрдас баланы аяқпен теуіп, ұрып жатқан видеосы түскен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбір көрген баланың ата-анасы қоғам белсенділеріне жүгініп, шағымданды.
"8-12 жастағы ұлдар ауладағы балаларға тыныштық бермейді. Олар балаларды итеріп, қорлайды, шабуылдайды және жаппай ұрады. Ата-аналары әрекетсіздік танытып жатыр", - деп жазды желі қолданушысы.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушысы анықталды. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.
"Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады департамент.
Соттың шешімі бойынша материалдар Павлодар әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript