Әкімдік Астана тұрғындары мен кәсіпкерлерге маңызды үндеу жасады

Әкімдік Астана тұрғындары мен кәсіпкерлерге маңызды үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 18:45 Сурет: Астана әкімдігі
Астанада маса мен шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыс жүріп жатыр, Өңдеу 22 сәуірден қыркүйекке дейін жалғасады. Маусым бойы іс-шаралар сағат 21.00-ден тағы 04.00-ге дейін өткізіледі. Әкімдік осыған байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн жылынған уақыттан бастап Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы су айдындары мен сулы-батпақты жерлерде масалардың дернәсілдік формасының болуына тексеру жүргізеді, іс-шаралар ғылыми сүйемелдеу арқылы өткізіледі.

"Ғылыми сүйемелдеудің мақсаты – масалардың дернәсілдік формасының дамуының кезеңдерін анықтай отырып, барлық уақытша және тұрақты су айдындарын зерттеу, олардың орындарын белсенді іздеу, сондай-ақ су айдындарынан жаппай ұшып кетуді болдырмау үшін дезинсекциялық өңдеулерді жүргізу уақытын анықтау. Бұл өз кезегінде олардың дамуының ерте сатысында күресуге мүмкіндік береді". Астана әкімдігі

Елорда тұрғындары мен қонақтары осы уақытта сақтық шараларын сақтауы маңызды:

  • Өңделетін орындарға бармау;
  • Өңдеу кезінде үйдің терезелерін жабу.


"Бұл дезинсекциялық шаралар жәндіктерді толық жоюға емес, санын азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады. Қала аумағында дезинсекциялық жұмыс жүргізу үшін механикалық роторлы бүріккіштер, дезинсекциялық машиналар, қамысы қалың қол жетпейтін жерлерді өңдеуге арналған квадрокоптерлер, ал үлкен су айдындарында арнайы жабдықталған қайық пайдаланылады. Сондай-ақ, биыл су айдындарындағы дернәсілдік кезеңге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар үшін фауна мен флора үшін зиянсыз биологиялық препараттар пайдаланылатынын атап өткен жөн. Ауқымды өңдеу барысында басқарушы компаниялар, ПИК, МИБ (тұрғын үй қорының объектілеріне қызмет көрсететін), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, құрылыс нысандары, базарлар, сауда үйлері және басқалар жертөле үй-жайларын абаттандыру және құрғату және оларды дезинсекциялық өңдеу іс-шараларына қосылуы қажет", - деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: