Ақмола облысында бәрбіреулер зиратты "мазаққа" айналдырған

Макинск қаласындағы православие өкілдерінің зиратындағы қабір тақтайшаларына бәзбіреулер "анайы" сурет салып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
HALYQSTAN Telegram-арнасының мәліметінше, Ақмола облысы Бұланды ауданының полициясы бұзақыларды іздеуде. Зиярат етіп келген жергілікті тұрғындар мәрмәр плиталардағы "анайы" суреттерді көріп, жағаларын ұстаған.

Сурет: Telegram/HALYQSTAN
Адамдар марқұм жақындарына жер астында да тыныштық болмады, деп қаймығып отыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де болып қайтты.
"Жерлеу орындарын қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды", – деп мәлімдеді олар.
Бұған дейін елімізде оқушыларға жаңа мәзір әзірленгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript