Алматы облысы тұрғынының ауласынан Lexus автокөлігін ұрлап кеткен

Алматы облысы тұрғынының ауласынан Lexus автокөлігін ұрлап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 19:05 Сурет: Zakon.kz
28 сәуірде Қарасай ауданының полициясына Жамбыл ауылының тұрғыны өз үйінің ауласынан Lexus автокөлігінің ұрланғаны туралы шағымданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға тіркелісімен жедел әрекет ету мақсатында бірден іздестіру шаралары басталды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні аз уақыт ішінде анықтап, қолға түсірді. Ол — 23 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты және өз кінәсін толығымен мойындады.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді полиция қызметкерлері.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары азаматтарға жеке мүлікті қорғау бағытында сақтық шараларын ұстану қажеттігін ескертті.

Күдіктінің бұған дейін де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: