Тыл ардагерлері де шеткері қалмайды: Жетісуда көнекөз қарияларға тегін медициналық көмек көрсетілуде

Тыл ардагерлері де шеткері қалмайды: Жетісуда көнекөз қарияларға тегін медициналық көмек көрсетілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 15:57 Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 9 мамырға дейін созылатын денсаулық айлығы басталды. Тегін медициналық тексерулер мен консультациялық-диагностикалық көмек емханаларда да, үйде де ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісудағы әкімдіктің ақпаратынша, облыста Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында соғыс ардагерлеріне, мүгедектеріне, оларға теңестірілгендер мен тыл еңбеккерлеріне кешенді әлеуметтік қолдау көрсету көзделген. Бұл ретте, дәрігерлер тегін медициналық көмекпен аймақтағы 1500-ден астам тыл ардагерін түгелдей қамтуды жоспарлап отыр.

"Биылғы жылы өңірде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген 3 215 адамға біржолғы материалдық көмек көрсетуге 393,8 млн.теңге бөлінді. Бұл ретте майдангерлерге 5 млн. теңгеден төленетін болады. Жанқиярлық еңбегі үшін берілген наградалары бар тыл қызметкерлеріне 100 мың теңгеден төленеді". Жетісу облысы әкімдігі

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Материалдық қолдаудан басқа ҰОС қатысушылары мен мүгедектері үшін коммуналдық шығындарға ай сайынғы өтемақы түрінде жеңілдіктер беріледі, ардагерлер техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ жылына бір рет тегін санаторлық-курорттық жолдамалар алады.

"Атап айтқанда, биыл өңірде 243 ардагерге санаторлық-курорттық емделуге 50 млн. теңге бөлінді, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

Жалпы Жетісу облысында Ұлы Отан соғысына тікелей қатысушы 2 ардагер бар. Олар Төлеубай Чектыбаев пен Ысқақ Құсайынов, ардагерлер бүгінде 100 жастан асты. Сол сияқты 1598 тыл еңбеккерлері тұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: