Ақтөбеде құтқарушылар бір тәулік бойы ағашта отырған мысықты аман-есен түсірді

Мысық, ағаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 19:10 Сурет: pexels
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері ағаш басында бір тәулік отырған мысықты құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының 112 пультіне Ақтөбе тұрғынынан мысықтың биік ағашқа шығып, өздігінен түсе алмай жатқандығы туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел түрде құтқару бөлімінің тобы жеткен.

"Арнайы құрал-жабдықтар мен сатының көмегімен құтқарушылар мысықты ағаштан аман-есен түсіріп, иесіне табыстады", - деп хабарлады ведомство.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: