Павлодарда трансформаторлардың біріне найзағай түсті

Павлодарда трансформаторлардың біріне найзағай түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2025 16:18 Сурет: pixabay
27 сәуір күні сағат 19:58-де 110/10 кВ "Транспортная" қосалқы станциясында өрт шығып, жабдық зақымданды. Технологиялық ақауға қосалқы станцияға найзағайдың түсуі себеп болған деген болжам бар, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жабдықтардың зақымдануы салдарынан "Центральная" индустриялық аймақтағы 106 тұтынушы кешкі уақытта электр қуатынсыз қалды. Бір тәуліктің ішінде 104 тұтынушы резервтік трансформатордың арқасында электрмен жабдықтауға қайта қосылды.

Өрт сөндіргеннен кейін бірден жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды. "ПРЭК" АҚ қызметкерлері зақымданған трансформаторды бөлшектеп, резервтік трансформаторды орнатуда. Жұмыс тәулік бойы жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: