Шетелдік сарапшылар қызғалдақты Жамбыл облысының бренді деп атады: өңірде ғылыми конференция өтті

Шетелдік сарапшылар қызғалдақты Жамбыл облысының бренді деп атады: өңірде ғылыми конференция өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2025 17:30 Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Таразда "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференцияда Германия, Украина, Қырғызстан және Нидерланды сарапшылары сөз сөйледі.

"HBM" (Нидерланды) компаниясының менеджері Пична Марсели қызғалдақты Жамбыл облысының туристік бренді деп санауға болады деп есептейді.

"Аталған конференцияны өткізу Қазақстанның, атап айтқанда Жамбыл өңірінің туризм саласында үлкен әлеуетке ие екендігін көрсетеді. Көптеген адамдар қызғалдақтың қайдан шыққанын және осы теңдессіз гүлдің тарихын біле бермейді. Түрлі нұсқалар бар, бірақ оның шығу тарихында Жамбыл жері басты рөл атқаратыны сөзсіз. Мұны табиғи жағдайлар да, ғылыми зерттеулер де растайды. Ең бастысы, бұл табиғи байлықты сақтап, мәдени-туристік жобаларға сауатты түрде енгізу – өте маңызды", - деді ол.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Кассель университетінің (Германия) профессоры Эрих Хельмут Фрайтаг конференцияның нәтижелі халықаралық диалог пен озық тәжірибе алмасу алаңына айналғанын атап өтті.

В.Н. Каразин атындағы Харьков мемлекеттік университеті (Украина) ботаникалық бақ директорының орынбасары Александр Алехин оқу ордасының базасында Жамбыл облысының қызғалдақтарын зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты Алмагүл Кендірбаева жабайы қызғалдақтарды қорғау бойынша тәжірибелік ұсыныстарын ортаға салды. Ол табиғи популяциялардың осалдығына және оларды қорғауға халықаралық көзқарастың қажеттілігіне назар аударды. 

"Жамбыл облысын қызғалдақтардың отаны деуге толық негіз бар. Сарапшылар мен табиғат жанашырлары үшін 21 ғасырда Жамбыл облысында қызғалдақ гүлін тамашалау сирек кездесетін және құнды мүмкіндік. Қызғалдақ гүлін қорғаудағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!", - деді ол.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк жөніндегі Қазақстан ұлттық комитетінің төрағасы Саида Нығматова, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Татьяна Пирогова, "Жабағылы-Манас" Тау клубы ҚБ төрағасы Елена Ефимова, "Жабағылы-Манас" Тау клубы ҚБ жобаларының үйлестірушісі Рауф Сәбитов сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: