Энергетика министрлігі мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң әзірлеуде

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы 5 мамырда Үкімет отырысында Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына жаңа заңды енгізуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр маңызды мәселе – саланы дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету екенін атап өтті.
"Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен, оның ішінде "Қазмұнайгаз"ҰҚ" АҚ, "KazEnergy" Қауымдастығы, мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы, сондай-ақ мемлекеттік органдармен бірлесіп, "мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы" заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде", – деді Ерлан Ақкенженов.
Оның айтуынша, заң жобасының мақсаты – мұнай-газ химиясын дамыту үшін ашық әрі тиімді құқықтық негіз құру. Заң жобасында мынадай мәселелер қарастырылған:
- кәсіпорындардың шикізат базасына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- қажетті инфрақұрылымды дамыту;
- қаржыландыру, субсидиялау және жеңілдетілген салық салу сияқты мемлекеттік қолдау шараларын қолдану.
"Бүгінгі таңда осы заң жобасына қатысты Консультативтік құжаттың жобасы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия мүшелеріне келісуге жіберілді. Осы заң жобасының стратегиялық маңыздылығын және заң шығару жұмыстарының мерзімдерін сақтау қажеттілігін ескере отырып, Әділет министрлігіне Консультативтік құжат жобасын комиссияның алдағы отырысында қарауға шығарып, оны 2025 жылға арналған үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізуді тапсыруыңызды сұраймын", – деді Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін Қазақстан күкірт қышқылы тапшылығы мәселесін қашан шешетіндігін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript