Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дрондар шоуы өтеді
Сурет: pexels
Мегаполис әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, дрондар шоуы 9 мамырда сағат 21:00-де Абай алаңында өтеді.
"Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын бірегей жарық шоуы – 500-ден астам дрон тартылатын ауқымды қойылым күтіп тұр. Соғыс жылдарында Қазақстанды дәріптеген ұлттық батырлардың бейнелері ойын-сауық бағдарламасының басты назарына айналады. Алматының аспанында аты аңызға айналған тұлғалар – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, сондай-ақ Бауыржан Момышұлының көрініс береді", - деп атап өтті әкімдіктен.
Соңғы технологиялар мен жарық анимацияларының көмегімен көрермендерге олардың бейнесі ерлігі мен рухын сол күйінде жеткізуге тырысатын символдық сахна арқылы ұсынылады.
Шоудың барысында естеліктің символы ретінде тырналар пайда болады, ал соңында "Жеңіс күні құтты болсын!" деген сөз қазақ ою-өрнегімен беріледі.
Шоуды қаланың бірнеше алаңынан көруге болады. Негізгілері мыналар:
- Абай алаңы;
- "Қазақстан" қонақ үйінің аумағы;
- Caspian University жанындағы орын;
- Абай даңғылының бойындағы учаскелер - Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін.
Әкімдік 9 мамырда сағат 18:00-ден 21:30-ға дейін іс-шараны дайындауға және өткізуге байланысты қала орталығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін еске салады. Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі учаскеде - Абай даңғылында, сондай-ақ Құрманғазы көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде - Достық даңғылында жол жабылады.
Бұған дейін қазақстандықтарға Астанадағы Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу қашан басталатыны хабарланған.
