Алматы полициясы мопед жүргізушілеріне үндеу жасады

2025 жылғы 8 мамырда Алматы полиция департаментінің қызметкерлері мопед жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жол қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктерін есте сақтауға үндеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сіздерге шұғыл өтінішпен жүгінемін – жолда өте жауапты болыңыздар. Сіз жол қозғалысының қатысушысысыз, адамдардың өмірі мен денсаулығы сіздің шешімдеріңізге байланысты", - деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Сонымен қатар Шумаев мопедті тіркеу функциясы әлі де бар екенін еске салды.
"Кейінге қалдырмаңыз – нөмір алыңыз, сақтандыру рәсімдеңіз, техникалық байқаудан өтіңіз. Бұл – сіздің жауапкершілігіңіз әрі қорғанысыңыз. Ата-аналарға ерекше үндеу: балалардың мопед тізгініне отыруына жол бермеңіздер. Олар жолдағы қауіпті толық түсіне бермейді. Кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы – қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Мұндай оқиғаларға жол бермейік. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Жол – қауіп емес, қозғалыс алаңы болсын", – деді Серік Шумаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript