Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 9 мамырда барлық дерлік өңірде ескерту жасалды

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 9 мамырда барлық дерлік өңірде ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 21:38 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 мамырда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Атырау облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматыда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысының шығысында, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенші өрт қауіпі күтіледі. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысында найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз онтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта екпіні 25 м/с. 

Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: