Роберт Прево — алғашқы америкалық Рим Папасы атанды

АҚШ-та туған Роберт Прево жаңа Рим Папасы болды. Ол тарихтағы алғашқы америкалық понтифик атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шетелдік БАҚ жазуынша, ол әлемге Лев XIV деген атпен танылады. Понтифик өз сөзінде адамдарды "біртұтас халық болуға" үндеп, Папа Францисктің өмірінің соңғы күндеріндегі әлсіз үні адамзаттың жүрегеніе жеткенін атап өтті.
Роберт Фрэнсис Прево — американо-перуандық куриалдық кардинал, августин орденінің өкілі. Ол 2001 жылғы 14 қыркүйектен 2013 жылғы 4 қыркүйекке дейін Августин орденінің Бас шебері қызметін атқарған.
Оның ресми таққа отыру рәсімі сайлаудан бірнеше күннен кейін өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript