Алматы облысында патрульдік полицей жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды

Алматы облысында патрульдік полицей жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2025 17:18 Сурет: polisia.kz
Алматы облысында патрульдік полиция қызметкері батылдық пен сабырлық танытып, жанармай бекетінде жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 10 мамыр күні Ұзынағаш ауылында болды. Қызметтік аумағын бақылау кезінде патрульдік полиция инспекторы Мирас Тастанды жанармай құю бекетінде тұрған ГАЗель көлігінің отқа оранғанын байқады.

Жағдайдың ауыр екенін және жарылыс қауіпін түсінген полицей сол жердегі екі азаматпен бірге отты сөндіруге дереу кіріскен. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде тоқтатылды.

Айта кету керек, егер ешкім әрекет етпегенде, жалын жанармай сақталған резервуарларға жетіп, ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: