"Анаға құрмет" хэштегі: Аналар күні құрметіне желіде флешмоб ұйымдастырылуда

Бүгін, 11 мамырда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Аналар күніне арналған флешмобқа қатысуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр әлемдегі бұл мерекенің тарихы тереңге жайылғанын, оның 100 жылдан асатынын еске салды.
"Халықты кеңінен хабардар ету және аналарға деген сүйіспеншілік пен ризашылықтарыңызды білдіру мақсатында әлеуметтік желілерде #Анағақұрмет хэштегін пайдаланып, пост жазуды ұсынамын. Эстафетаны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріне, мәдениет қайраткерлеріне, БАҚ, ҮЕҰ өкілдеріне, қоғам қайраткерлері мен барлық қазақстандықтарға жолдаймын", деп жазды министр желіде.
Министр ең қастерлі құндылықтарымыз "Жер-ана", "Отан-ана" ұғымдарымен тығыз байланысты екенін, сондай-ақ "Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді" дегене ұлағатты сөзді де еске сала кетті.
"Ұмай ана, Домалақ ана, Рабия Сұлтан Бегім, Айғаным, Зере, Ұлжан және басқа да көптеген қазақтың ұлы аналары – ана махаббаты мен қолдауы ұлы тұлғалардың мінезі мен тағдырын қалыптастыратынының жарқын мысалдары", деп жазды Балаева бұл ретте.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев анасы - Тұрар Шабарбаева жайлы естелікпен бөліскенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript