Жамбыл облысында шаруа қожалығынан 16 қой мен қозыны ұрлап кеткен күдікті ұстылды

Жамбыл облысында шаруа қожалығынан 16 қой мен қозыны ұрлап кеткен күдікті ұстылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 17:33 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында полицейлер қой ұрлығына күдікті азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Талды жайылымында орналасқан шаруашылық қожалығында мал ұрлығы болғаны туралы хабар түскеннен кейін, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полицияға ұсақ мал өсірумен айналысатын шаруашылық басшысы шағымданып, белгісіз біреулердің иелігіндегі 16 қой мен қозыны жасырын түрде ұрлап кеткенін мәлімдеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы күдікті азамат анықталып, қазіргі уақытта заттай айғақтарды тәркілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


"Мал ұрлығының негізгі себептерінің бірі — иелерінің жайылымды дұрыс ұйымдастырмауы, малды түнгі уақытта қараусыз қалдыруы және таңба салмауы. Мұндай жағдайда жануардың ұрланғанын дәлелдеу мен тану қиынға соғады. Көптеген мал иелері нақты қашан ұрлық болғанын көрсете алмайды, өйткені малдарын апталап жайылымда қараусыз қалдырып кетеді. Ал ұрлық туралы кеш хабарлауы қылмысты ашу процесін одан әрі күрделендіреді", - деді Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Жасұлан Таникеев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: