Жандос Шаймарданов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Жандос Шаймарданов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 21:23 Сурет: gov.kz
Жандос Шаймарданов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Йорк университетін (Ұлыбритания), IE университетін (Испания) бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған. 

2010–2013 жылдары — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ менеджері.     

2013–2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы.

2014–2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.

2016–2019 жылдары — Департамент директоры, "Бәйтерек" ҰБХ АҚ басқарушы директоры. 

2019–2020 жылдары — QazTech Ventures АҚ басқарма төрағасы.

2020–2022 жылдары — ҚР Ұлттық банкі Ақша-несие саясаты департаментінің директоры.  

2022–2023 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.

2023–2025 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.   

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: