Қазақстандықтар Халықаралық Отбасы күнін атап өтуде

15 мамыр – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы – Отбасы күні. Аталмыш Халықаралық мейрам жаныңда жүрген, сені кіршіксіз жақсы көретін жақындарыңды бағалауға дәріптейді. Бұл жайлы толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Отбасы – қоғамның ең алғашқы сатысы. Онда адам бойындағы құнды қасиеттер қалыптасып, адамгершілік пен қайырымдылықтың негіздері қаланады. Себебі, жанұя – алғашқы өмір мектебі.
БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні жарияланды. Атаулы күннің мақсаты – отбасы мәртебесін көтеру, қоғам назарын отбасы құндылықтарын нығайтуға аудару.
Бүгінгі шырайлы мерекеге орай редакция шаңырақ көтергендеріне отыз жылдан астам уақыт өткен Отбасының естеліктерімен бөліседі.
"Мен әйеліммен 6-сыныпта таныстым. Әрине, ол кезде екеуміз де ұнату немесе махаббат жайлы ойламадық. Біз бар болғаны бірге оқып, үй тапсырмаларын орындап, мектеп шараларына қатысып жүрдік. Мектепті бітіргеннен кейін екіге бөліндік. Ол Мәскеуге оқуға кетті, мен Алматыға әскери училищеге түстім. Арадағы қашықтық бізге кедергі болмады. Хат алмасып, жаңалықтармен бөлісіп, байланыста болдық. Уақыт өте келе оның мен үшін қаншалықты қымбат екенін түсіндім. Көп ойланбастан, бірден сөз салдым. Содан бері 34 жыл өтті. Барлығын бірге көріп келеміз, бойжеткен екі қызымыз бар",- деді Андрей Матрунин.
Бір қызығы, олар сыныптағы жалғыз жұп емес. Олардан бөлек, шаңырақ көтерген тағы екі жұп бар.
"Отбасы – бұл тек махаббат қана емес. Ең бастысы – бірлік, құрмет, шыдамдылық және бір-бірімізді тыңдай білу. Егер осылар бар болса, қарым-қатынас кез келген сынаққа төтеп беріп, нығая түседі", – деп ағынан жарылды Андрей Матрунин.
Бұған дейін Аида Балаева қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript