СҚО-да мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды: онымен байланыста болған мыңнан астам адам есепке алынды

СҚО-да мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2025 10:19 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Новоишим орта мектебінің алтыншы сынып оқушысынан ашық түрдегі туберкулез анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір науқаспен байланыста болған мыңнан астам адам есепке алынған. Дәрігерлердің айтуынша, оқушы үш жыл бұрын да туберкулезбен ауырған, бірақ толық ем қабылдамаған. Қазір ол облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта емделіп жатыр. Алтыншы сынып оқушысының жағдайы тұрақты, деп хабарлады "Жетінші арна".

Белгілі болғандай, өңірде жыл басынан бері оқушылар арасында туберкулездің екі жағдайы тіркелген.

Білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанованың айтуынша, жұқпалы ауру туралы белгілі болған сәтте мектеп әкімшілігі жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: