Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада екі  алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2025 16:02 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада екі жеке алтын медаль мен командалық жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада (Open International Biology Olympiad, OIBO) жоғары нәтиже көрсетті.

14 елден жиналған жас биологтар теориялық, жеке практикалық және биыл алғаш рет енгізілген жобалық (топтық) үш кезеңде бақ сынады. Қазақстан құрамасы республикалық олимпиада жеңімпаздарынан жасақталып, екі алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды, сондай-ақ командалық жобалық турда да бірінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар:

  • Батыр Ержанұлы – 11-сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Шығыс Қазақстан облысы;
  • Ерсұлтан Қайыркен – 10-сынып, "Білім-инновация" лицей-интернаты, Павлодар облысы;
  • Әлихан Аширханов – 8-сынып, "Білім-инновация" лицей-интернаты, Алматы қаласы;
  • Дмитрий Титков – 10-сынып, №3 дарынды балаларға арналған гимназия, Павлодар облысы;

Күміс медаль

  • Әлімұхаммед Саматұлы – 9-сынып, "Білім-инновация" лицей-интернаты, Павлодар облысы;
  • Егор Менгулов – 10-сынып, №8 орта мектеп, Көкшетау қаласы, Ақмола облысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: