ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлек: Арманым – IT маманы болу

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлек: Арманым – IT-маманы болу, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 18:55 Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинаған Түркістан облысы Ордабасы ауданының мектеп түлегі Жәнібек Әбілхан IT маманы болғысы келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәнібек 19 мамыр күні Шымкент қаласының аймақтық тестілеу орталығында "Математика-Информатика" пәндер комбинациясын таңдап, емтиханды сәтті тапсырды.

"ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинағаныма әлі де сенер алмаспын! Өте бақыттымын! Қаңтар мен наурыздағы тестілеуде жақсы нәтиже көрсеткеніммен, бұл нәтиже менің армандарымның шегі! Мен ҰБТ-ға жоғары сыныптардан бастап мақсатты түрде дайындалдым, өйткені бала кезімнен кім болғым келетінін түсіндім. Менің арманым – IT маманы болу. Менің ойымша, цифрлық технологиялар заманында біздің елімізге IT саласында білікті мамандар өте қажет. Мен солардың бірі болып, Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Бұл нәтиже – менің арманыма жеткізер алғашқы қадам!", - деді Жәнібек.

Еске салайық, негізгі ҰБТ 16 мамыр күні басталды, ол 7 шілдеге дейін жалғасады.

Тестілеуге қатысуға 216 мыңға жуық талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: