Бос жұмыс орындары - 2025: кімдерге сұраныс жоғары, мамандар қай аймаққа қажет
Сурет: freepik
Бұл болжам базалық, оптимистік және пессимистік үш сценарий бойынша жасалған. Базалық сценарийге сәйкес, 2025 жылы бос жұмыс орындарының саны 1,2 миллионға жетеді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8%-ға артық.
Аймақтар бойынша сұраныс:
Базалық сценарийге сәйкес, 2025 жылы келесі ірі қалалар мен дамыған өңірлерде бос жұмыс орындарының саны ең жоғары болады:
- Астана: 102 мың бос жұмыс орны;
- Алматы: 84 мың бос жұмыс орны;
- Түркістан облысы: 79 мың бос жұмыс орны;
- Қарағанды облысы: 75 мың бос жұмыс орны;
- Атырау облысы: 74 мың бос жұмыс орны.
Білікті мамандарға сұраныс:
Базалық сценарий бойынша бос жұмыс орындарының білікті мамандарға деген ең көп сұранысы:
- Астана қаласында (102 мың),
- Алматы қаласында (82 мың),
- Павлодар және Қарағанды облысында (55 мың).
2025 жылы ең көп сұранысқа ие 10-топ білікті мамандық:
- Қоғамдық пәндер мұғалімдері — 29,5 мың
- Орта медициналық қызметкерлер (күтім бойынша) — 23,3 мың
- Мектепке дейінгі тәрбиешілер — 22,0 мың
- Ауыр науқастарға күтім жасайтын қызметкерлер — 19,2 мың
- Бастауыш сынып мұғалімдері — 17,0 мың
- Балабақша тәрбиешілерінің көмекшілері (бала күтушілер) — 15,8 мың
- Күзетшілер — 15,2 мың
- Жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері — 15,1 мың
- Жеңіл автокөлік жүргізушілері — 14,3 мың
- Математика пәнінің мұғалімдері — 13,1 мың
Жұмысшы мамандықтар бойынша сұраныс:
Базалық сценарий бойынша 2025 жылы бос жұмыс орындарының жұмысшы мамандарға ең көп саны күтілуде:
- Павлодар облысы — (30 мың),
- Қарағанды облысы — (23 мың),
- Қостанай облысы — (22 мың),
- Шығыс Қазақстан облысы — (20 мың).
2025 жылы ең көп сұранысқа ие 10-топ жұмысшы мамандық:
- Орта медициналық қызметкерлер (күтім бойынша) — 23,3 мың
- Қазандық және бу машиналарының операторлары — 10 мың
- Құрылыс-монтаж жұмыстарының жұмысшылары — 9,1 мың
- Өндірістік құрал-жабдықтарды жөндеушілер (слесарь) — 9,1 мың
- Газбен кесушілер — 8,9 мың
- Автобус жүргізушілері — 7,6 мың
- Электр энергиясын өндіру операторлары — 6,7 мың
- Сантехниктер мен құбыр монтаждаушылары — 6,4 мың
- Трактор жүргізушілері — 6,2 мың
- Жүк көлігі жүргізушілері — 5,8 мың
Бұған дейін Бурабайда 53 миллион теңгенің жер телімі тәркіленгені хабарланған болатын.