Еуропа мен Азия елдеріне саяхат жоспарлаған қазақстандықтарға жағымды жаңалық: тікелей рейстер ашылды

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 15:35 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шымкент қаласында Германия, Венгрия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Египетке тікелей рейстердің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жағымды жаңалықпен бүгін, 26 мамырда ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бөлісті.

27 мамырдан бастап:

  • Шымкент-Мюнхен бағытындағы әуе рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері;
  • Шымкент-Будапешт бағыты аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері.

29 мамырдан бастап:

  • Шымкент-Шанхай бағыты аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері;
  • Шымкент-Сеул рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері;
  • Шымкент-Каир рейсі әр бейсенбі сайын, 24 маусымнан бастап аптасына 2 реттен дүйсенбі және бейсенбі күндері орындала бастайды.

2 шілдеден бастап:

  • Шымкент-Сиань әуе рейсі сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 реттен;

4 шілдеден бастап:

  • Шымкент-Үрімші рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері;

Ведомство рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерінде орындалатындығын нақтылады.

"Еуропа және Азияға ашылған тікелей рейстер бұл өңірдің және республиканың іскерлік белсенділігі мен сауда-экономикалық байланыстарын арттыратын маршруттық желілерді дамытудың кезекті кезеңі",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қарағанды облысында мефедрон өндіретін жасырын есірткі зертханасы әшкереленгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: