"Жағдай менің жіті бақылауымда" – БҚО әкімі бес баланың қазасы туралы

"Жағдай менің жіті бақылауымда" – БҚО әкімі бес баланың қазасы туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 19:05 Сурет: Facebook/Нариман Төреғалиұлы
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр. Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары", - деп жазды өңір әкімі Facebook-те.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

"Жағдай менің жіті бақылауымда", - деді әкім.

Еске салайық, 4 маусым күні сағат 15:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында болған өрт салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты.

Өрт кезінде балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Өрт шамамен 30 шаршы метрді шарпыған, үйдің ішінде тұрмыстық заттар мен жиһаз жанған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес баланың мәйітін тапқан. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: