Жаслан Мәдиев "Байқоңырдан" ресейліктердің мерзімінен бұрын кететіні жайлы қауесеттерге жауап берді

Жаслан Мәдиев "Байқоңырдан" ресейліктердің мерзімінен бұрын кететіні жайлы қауесеттерге жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 19:41 Сурет: Роскосмос
2025 жылғы 4 маусымда Мәжіліс кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ресейліктердің "Байқоңыр" ғарыш айлағынан мерзімінен бұрын кететіні туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр бұл мәліметтерді шындыққа жанаспайтын ақпарат деп атап өтті.

Оның айтуынша, ғарыш айлағын жалға алу туралы келісімшарт 2050 жылға дейін күшінде.

"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы жұмысты мерзімінен бұрын тоқтату туралы бізге ешқандай белгі түскен жоқ. Қазіргі уақытта мерзімінен бұрын кету сценарийі талқыланып жатқан жоқ", - деді Жаслан Мәдиев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: