Қазақстан жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды

8 маусымда, Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс аясында жасөспірімдер арасындағы финалдық бәсекелер өтті. Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.
Қос қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетті. Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800 ұпай жинаса, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпайға ие болды. Үздік үштікті жапониялық Харутоши Очаи 12.666 ұпаймен түйіндеді.
Сондай-ақ, Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуларда ең үздік нәтиже көрсетіп, 13.933 ұпайға ие болды.
Айта кетейік, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript