Сатыбалды айтарлықтай зақымданбаған жиектастар мен асфальтты ауыстыруға байланысты ескерту жасады

Сатыбалды айтарлықтай зақымданбаған жиектастар мен асфальтты ауыстыруға байланысты ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2025 12:19 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дархан Сатыбалды Бостандық ауданына жұмыс сапарымен барып, көркейту, білім беру және инфрақұрылым жобаларымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала басшысы сапарын Назарбаев даңғылының батысында және Ганди көшесінің солтүстігінде салынып жатқан жаңа скверден бастады. Жалпы аумағы - 4,16 гектар. Жоба жергілікті бюджет пен демеушілер есебінен қаржыландырылған.

Қазіргі таңда субұрқақ, жерасты құрылымдары, кеспе тас және кейбір жабындарды бұзу жұмыстары аяқталған. Қазір тоған мен іргетас салу, ұңғыма қазу, инженерлік желілер тарту, аумақты жоспарлау және қоқыс шығару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Шаһар басшысы аумақты көгалдандыру мен көркейтуге жұмыстарына баса назар аударуды тапсырды.

Сондай-ақ, Алматы әкімі әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзеніндегі көпірдің қайта жаңарту барысымен танысты. Қазіргі таңда жобаның 60%-ы аяқталған. Автокөлік көпірін жаңарту аяқталып, өзеннен қауіпсіз өту үшін екі уақытша көпір салынған.

Алматы әкімі құрылыс жұмыстарын қысқа мерзім ішінде жоғары сапамен аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды жағалаудың табиғи және эстетикалық келбетін сақтауға ерекше мән беруді міндеттеді.

Сондай-ақ, әкім "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында Торайғыров көшесінде жүзеге асырылып жатқан жаяу жүргіншілер аймағының көркейту жұмыстарымен танысты. Бұл жобаны биыл қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Аталған аумақ аудан тұрғындары үшін жаңа демалыс орнына айналмақ.

Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыру, веложолақтарды қалпына келтіру және таңбалау, көше жарығын жаңғырту, балалар мен спорт алаңдарын салу және көгалдандыру жұмыстары қарастырылған.

Сапар соңында қала әкімі ақаусыз жиектер мен асфальтты жөнсіз ауыстыруға көңілі толмайтынын айтып, шынымен де зақымданған, мүжілген тұстарға ғана жөндеу жүргізуді тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: