Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады

Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2025 15:08 Сурет: Zakon.kz
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі лауазымынан босатып, орнына Дәурен Қосановты тағайындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: