Алматы халықаралық әуежайы жоғалған жүктерді сату туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 09:34 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 8 маусымда Алматы халықаралық әуежайы жоғалған және талап етілмеген жүктің сатылымы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, желіде әуежайдағы жоғалған жүктердің арзан бағада сатылатындығы туралы ақпарат тараған болатын.

"Әлеуметтік желілерде таралып жатқан жоғалған чемодандардың сатылымы туралы ақпаратқа байланысты Алматы халықаралық әуежайы бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Алматы әуежайы мұндай акциялар мен аукциондар өткізбейді. Абай болыңыздар, алаяқтардан сақтаныңыздар!" – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Telegram-да қазақстандықтардың жеке ақпаратын саудалайтын топ жұмыс істегенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: