Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев FlyArystan әуе компаниясының жұмысын сынға алды

Авиакомпания FlyArystan, Флай Арыстан, самолет, самолеты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2025 16:43 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев FlyArystan әуе компаниясына қатысты шағымын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол 2025 жылғы 11 маусымда өзінің Facebook парақшасында жазды.

"FlyArystan туралы жазбаған адам қалмады. Мен ұзақ шыдадым, бірақ бүгін, ұшуға 8 күн қалғанда, рейс 10 сағат 45 минутқа кешігетінін хабарлады! Себебін түсіндірмеді. Жалпы бұл компанияда адамдармен байланыс орнату, кешірім сұрау немесе себепті түсіндіру дәстүрге айналмаған. Бұған дейін де маған кітап пен заттары бар пакет үшін 11 мың теңге артық төлеуге тура келді, рейстердің бірнеше сағатқа кешіккенін де бастан өткердім – еш ескертілмеді. Бұл компаниямен осындай жағдайға тап болған мыңдаған адам бар, бірақ олар үшін бұл қалыпты жағдай сияқты", – деп жазды Пономарев.

Оның пікірінше, компания қызметкерлері "жолаушыларды артық салмақ үшін ақталуға мәжбүрлегенді ұнататындай әсер қалдырады".

"Қазір билетті қайтару немесе ауыстыру толық билеттің құнына жақын тұрады. Бұл – өзін "бюджеттік, арзан, лоукостер, жолаушыларға дәстүрлі қызметтерден бас тарту есебінен ең төменгі баға ұсынатын" компания деп таныстыратын әуе компания үшін түсініксіз жағдай", – деді депутат.

Сергей Пономарев алдағы уақытта депутаттық сауал жолдап, компания қызметкерлерімен жеке кездесіп, барлық сұрақтарға жауап іздейтінін мәлімдеді.

Zakon.kz редакциясы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметінен ресми түсініктеме сұраған. Компания мынадай жауап берді:

"Сергей Пономаревтың рейсінің уақытын өзгерту өндірістік қажеттілікке байланысты жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Қазақстандағы бірнеше ішкі әуежайлардың жабылуына байланысты рейстердің болдырмауын ескеріп, маршруттық желіге оңтайландыру жүргізілді".

Мұндай жағдайда компания жолаушыларға екі нұсқа ұсынады:

  • Тегін қайта брондау (ең жақын қолжетімді рейске);
  • Ақшаны толық қайтару.
"Билет қайтару немесе ауыстыру жаңа билет құнына тең деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Барлық қолжетімді өтемақы және қызмет туралы ақпарат жолаушыларға жіберілетін хабарламада көрсетіледі", – деді компания өкілдері.

FlyArystan мәліметінше, 2025 жылғы 11 маусым күні сағат 14:09-да Сергей Пономарев байланыс орталығы арқылы рейсін бастапқыдан 2 сағат 20 минут ертерек ұшатын басқа рейске тегін ауыстырған.

"Келтірілген қолайсыздық үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Мұндай өзгерістер жолаушылардың жоспарына әсер ететінін түсінеміз, сондықтан мүмкіндігінше ертерек ескертуге тырысамыз. Сонымен қатар, жолаушылар билетті сатып аларда "Икемді" тарифін таңдай алады – ол жағдайда рейсті ауыстыруға немесе қайтаруға мүмкіндік беріледі".

Қол жүгін тасымалдау ережесі

Компания қол жүгін тасымалдау бойынша да түсініктеме берді:

"FlyArystan әуе компаниясының лоукостерлік үлгісіне сәйкес, жолаушыға салмағы 5 кг-нан аспайтын, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден үлкен емес бір ғана қол жүгін алып жүруге рұқсат етіледі. Жолаушының жанында болатын кез келген зат (сөмке, пакет, рюкзак және т.б.) қол жүгі болып есептеледі. Егер белгіленген шек асып кетсе, 10 кг салмаққа белгіленген тариф бойынша қосымша ақы алынады".

Сол себепті FlyArystan баспасөз қызметі жолаушыларға әуекомпанияның сайтында жарияланған ережелермен алдын ала танысуға кеңес береді.

Жолаушыларға арналған байланыс нөмірлері:

  • +7 727 331 10 10 (қоңырау шалу үшін),
  • +7 702 702 02 27 (WhatsApp арқылы жазу үшін).

Бұған дейін қызғалдақ құшақтап суретке түскен әкімнің соты немен аяқталғанын жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: