Тоқаев Омарбековты Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатты
Сурет: akorda.kz
Сәйкес ақпаратты бүгін, 2025 жылғы 13 маусымда Ақорда мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының өкімімен Амангелді Оразалыұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды",- делінген ақпаратта.
Амангелді Омарбеков 1982 жылы дүниеге келді.
Білімі: Қазақ мемлекеттік заң академиясын (құқықтану) және Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасын (әскери және мемлекеттік басқару) бітірген.
2005–2016 жылдар – арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқарған.
2016 жылдан 2022 жылғы тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы, сектор меңгерушісі, меңгеруші орынбасары лауазымдарын атқарған.
2022 жылғы тамызда ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.