Қазақстандағы АЭС-тің қауіпсіздігі үшін кім жауап береді

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2025 14:12 Фото: pixabay
2025 жылғы 16 маусымда ҚР Атомдық энергия агенттігі Қазақстанда салынатын АЭС-те апат болған жағдайда "Росатомның" қандай жауапкершілікке ие болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Агенттіктің баспасөз қызметі атап өткендей, халықаралық тәжірибеге, соның ішінде 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына және 1997 жылғы 12 қыркүйектегі хаттамамен енгізілген өзгерістерге сәйкес, атом электр станциясындағы ықтимал апаттар үшін негізгі заңды жауапкершілік станция операторының мойнына жүктеледі.

"Мұндай модель көптеген елдерде қолданылады және залалды өтеу механизмін жеңілдетуге бағытталған. Сондықтан халықаралық құқық тұрғысынан алғанда, Қазақстандағы АЭС операторы станцияны қауіпсіз пайдалануға және ықтимал апаттардың салдарына толық жауап береді. Сонымен қатар, жобаны іске асыру аясында консорциумға қатысушылардың барлық шарттық міндеттемелері қарастырылуда, оның ішінде сақтандыру тетіктері, техникалық кепілдіктер және бас мердігер – "Росатомның" ықтимал жауапкершілік шарттары да Бас келісімшартта көзделеді", – деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, Қазақстан да ядролық қауіпсіздік бойынша негізгі халықаралық келісімдерге қатысушы болып табылады, бұл ұлттық мүдделерді қорғау мен бақылау үшін қосымша құқықтық негіз қалыптастырады.


"Атом электр станциясының қауіпсіз жұмысын бақылау ұлттық деңгейде уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылады. Ядролық және радиациялық қауіпсіздікке негізгі бақылауды ҚР Атомдық энергия агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті жүргізеді. Бұл орган лицензиялау, тексерулер жүргізу және қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау үшін жауап береді. Ал экологиялық стандарттардың, соның ішінде шығарындылардың, қалдықтармен жұмыс істеу мен қоршаған ортаға радиациялық әсердің сақталуын ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бақылайды", – деп мәлімдеді Агенттік.

Сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздік, су ресурстарын қорғау, санитарлық бақылау, төтенше жағдайлар және басқа да бағыттар бойынша басқа мемлекеттік органдар да өз құзыреттері шегінде атсалысатын болады.

Қосымша түрде, Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелер аясында, ядролық қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттардың сақталуын МАГАТЭ тарапынан да бақылау жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: