Сыртқы істер министрлігі 70 шақты қазақстандықтың Ираннан шығуына көмектесті

Эмигранты, эмиграция, мигранты, миграция, иммигранты, иммиграция, приезжий, приезжие, репатриация, репатрианты, кандас, кандасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2025 15:14 Фото: МИД РК
2025 жылғы 16 маусымда өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ираннан шығу кезінде қазақстандықтардың ішінде кімдерге көмек қажет болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Смадияровтың айтуынша, соңғы күндері Ираннан біршама Қазақстан азаматына елден шығуға көмек көрсетілген.

"Атап айтқанда, 14 маусым күні Иранда қызметтік іссапарда болған алты Қазақстан азаматының Әзербайжан арқылы елге оралуына көмек көрсетілді. Ал 15 маусымда Қазақстаннан іссапармен барған азаматтарды, оның ішінде дипломаттардың отбасы мүшелерін, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Хатшылығында жұмыс істейтін қызметкерлерді және басқа да іссапармен жүрген азаматтарды қосқанда, 68 Қазақстан азаматының Ираннан Түрікменстанға шығуы ұйымдастырылды. Барлық отандастарымыз жақын күндері елге оралады деп үміттенеміз", – деді министрліктің ресми өкілі.

Ол сондай-ақ Қазақстанның Ирандағы шетелдік мекемесінің қызметкерлері қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Смадияров Израиль мен Ирандағы қазақстандықтардың санын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: