Қарағандыда кәсіпкерге қоршаған ортаны ластағаны үшін 7 миллион теңге айыппұл салынды

Қарағандыда кәсіпкерге қоршаған ортаны ластағаны үшін 7 миллион теңге айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2025 12:17 Сурет: pexels
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 8 ай бойы II санаттағы нысандар үшін экологиялық рұқсатсыз мұнай өнімдерін сақтаумен және сатумен айналысқан ірі кәсіпорындардың бірін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып табылады (Экологиялық кодекстің 106 және 120-баптары) және соның салдарынан атмосфераға көлемі 90 тоннадан асатын ластаушы заттардың шығарындылары түскен.

"Қадағалау органы кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Ал құқық бұзушы өз кінәсін мойындамады.

Іс барлық 3 сатыдан өтіп, тек Жоғарғы Сот қана түпкілікті нүкте қойды - кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.    

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: