Қазақстанда балаларға медициналық көмекті қаржыландыру екі есе өсті

Қазақстанда балаларға медициналық көмекті қаржыландыру екі есе өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2025 13:22 Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан - Орталық Азиядағы балаларға туғаннан бастап кардиохирургия қолжетімді болатын жалғыз ел. 2024 жылы дәрігерлер ашық жүрекке 1700-ден астам операция, оның 809-ы 1 жасқа дейінгі сәбилерге жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі заманғы технологиялар мен неонаталдық реанимацияның дамуының арқасында дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті.

2026 жылдан бастап I–III дәрежелі есту қабілеті нашар балалар жергілікті бюджеттің есебінен есту аппараттары мен аудио процессорларды алады.

Онкогематологиялық көмекті дамыту:

  • жыл сайын 5 мың бала ем алады;
  • шетелде балаларды емдеуге жолдама 2 есе азайды (мұндай көмек Қазақстанда қолжетімді);
  • балалардың қатерлі ісіктері кезінде жалпы өмір сүру деңгейі 75%-дан асты.

 Шұғыл көмек көрсету:

  • Санавиация орталығы ауыр асқынулары мен жарақаттары бар 3 мыңнан астам әйелдер мен балаларға қызмет көрсетті
  • 2024 жылы медавиацияның мобилдік бригадалары 750-ден астам ұшуды (жүкті әйелдер – 165, балалар-588) орындады,647 бала мен  127 жүкті әйел тасымалданды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: