Каспийдегі мұнай дақтары: Экология министрлігі ластануды растамады

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев 2025 жылғы 25 маусымда үкіметтегі баспасөз конференциясында Каспий теңізінде мұнай төгілуі туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Жомарт Әлиев мұндай ақпараттардың бұқаралық ақпарат құралдарында кейде пайда болатынын түсіндірді. Дақтар ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша анықталады. Бұл туралы өткен жылдары да, биыл да айтылған, бірақ ақпарат расталмаған.
"Қазақстанның аумақтары бойынша, соның ішінде Каспий мен Қазақстан секторындағы шельфтің акваториясына қатысты ғарыштық мониторинг бар. Қазіргі таңда ғарыштық бақылау деректері бойынша мұнайдан ластанған мұндай деректерді алған жоқпыз", – деді Жомарт Әлиев.
Ол ғарыштан түсірілім кезінде жиі түрлі қателіктер пайда болатынын атап өтті. Бұлттар мен басқа заттар көлеңке түсіруі мүмкін, оны білмейтін адамдар мұнай дағы немесе қандай да бір ластану ошағы деп түсінуі мүмкін.
Бұған дейін қазақстандық сейсмологтардың көрші елдегі жер сілкінісін тіркегендігін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript