Тоқаев құқық қорғау органдарын реформалауды көздейтін заңға қол қойды

Полицейский пистолет, пистолет полицейского, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 15:55 Фото: Zakon.kz
Президент ҚР кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң арқылы "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы", "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" және басқа да заңдарға түзетулер енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған.

Түзетулердің екінші блогы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруды көздейді.

Түзетулердің үшінші блогы ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге қатысты.

Мәселен, "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Жарлықты іске асыру үшін ішкі істер органдарының қызметі саласындағы заңнаманың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті нақтыланды.

Полиция қызметін ұйымдастыру ісін жетілдіру мақсатында жергілікті полиция қызметі таратылды.

Түзетулердің төртінші блогы сораны өнеркәсіпте пайдалану, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қарастырады.

Заңға сәйкес, Үкіметке есірткі өндіруге немесе дайындауға қатысы жоқ, өнеркәсіптік мақсатта өсіруге рұқсат етілген сора сұрыптарын анықтау құзыреті берілді және сораны өнеркәсіптік өңдеу тәртібі айқындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: