Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 17:45 Сурет: gov.kz
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, экс-әділет министрі Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша тергелген.

"Оған қатысты тергеу "құпия" жүргізілгендіктен, іс материалдары мен қылмыс мән-жайлары, өкінішке қарай, жария етілмейді", - деді Данияр Биғайдаров 2025 жылғы 30 маусымда.

Еске салайық, наурыз айында Антикордың ресми өкілі Марат Бекетаевқа қатысты іс сотқа жолданғанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: