Судья Тәткееваға іздеу жарияланды: ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Судья Тәткееваға іздеу жарияланды: ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 18:50 Сурет: qamqor.gov.kz
Астананың бұрынғы судьясы Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 30 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, әйел адам аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

"Іздеудегі адамның жүрген жері анықталған немесе ол туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, оны бастамашы орган – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне келесі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 1424 – Call-орталық, 8-7172-90-92-60 – кезекші бөлім, 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33", - деді Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, күдіктіні ұстауға көмектесетін ақпарат бергендерге сыйақы қарастырылған және анонимділік сақталады.

53 жастағы Қарлығаш Тәткееваны Қарағанды облысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі іздеп жатыр.

Бұған дейін Алматыда бұрынғы судья Светлана Жоламановаға қатысты үкім шыққан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: