Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 21,5 млрд теңге бөлінді

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2025 13:58 Фото: unsplash
Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен 21,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінде өңірде сумен жабдықтау саласында 28 жоба жүзеге асырылуда.

Зеренді ауданында жаңа су құбыры желілерін салуға және қолданыстағы су құбыры желілерін жаңғыртуға 6 млрд 564 млн теңге қарастырылған. Жұмыстар Ақадыр, Жылымды, Қанай би, Көктерек, Садовое, Троицк, Васильковское, Өркен, Өзен және Баратай ауылдарында жүргізілуде.

"Олардың ішіндегі ең ірісі – 1 мыңнан астам адам тұратын Өркен кентіндегі ұзындығы 6 шақырым сумен жабдықтау жүйесі. Жобаның құны – 583 млн теңге",- делінген ақпаратта.

Одан бөлек, облыстың 9 ауданында 2 млрд 287 млн теңгеден астам сомаға сумен жабдықтаудың жаңа көздерін салу және қолданыстағы жүйелерді реконструкциялау жүзеге асырылуда. Нысандарды пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарлануда.

Сандықтау ауданында топтық су құбыры салынуда. Жоба бойынша 22,3 шақырым сумен жабдықтау желілерін салу көзделген. Оны жүзеге асыруға арнаулы мемлекеттік қордан 200 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ, Нұра топтық су құбырын реконструкциялау және Покровское ауылынан Талапкер және Қажымұқан ауылдарына су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Екі жобаның жалпы құны – 9,5 млрд теңге.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметі 99%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 96,6%-ды құрайды.

Бұған дейін Астанада, Алматыда және Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: