Алматының Әуезов ауданындағы көшеде көлік қозғалысы қыркүйекке дейін шектеледі

Алматының Әуезов ауданындағы көшеде көлік қозғалысы қыркүйекке дейін шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 18:15 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Достық шағын ауданының аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 9 шілде мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесі кезең-кезеңімен толық шектеледі:

1-кезең: Шаляпин көшесінен Терме көшесіне дейін;

2-кезең: Терме көшесінен Абай даңғылына дейін;

3-кезең: Абай даңғылынан Ұлағат көшесіне дейін;

4-кезең: Ұлағат көшесінен Ақбақай көшесіне дейін;

5-кезең: Жеті жарғы көшесінен Науметов көшесіне дейін;

6-кезең: Тағзым көшесінен Ш. Қажығалиев көшесіне дейін.

Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жердің тығыз тасты құрылымына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау (КББ) әдісін қолдануға мүмкіндік бермейді.


"Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: