Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында 20 елді басып озды

Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында 20 елді басып озды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 18:05 Сурет: Telegram/oqu_agartu
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Оның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 21 елінен жиналған қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды.   Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. 

Күміс медаль иегерлері:

  • Роман Черемнов – Алматыдағы "Мирас" мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Тайыр Әбдіқадыр –Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы; 
  • Әлтайыр Ақанов – Астанадағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
  • Ілияс Қазымбек – Алматыдағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегері 

  • Астана қаласы NURORDA мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев. 

Теориялық айналым нәтижелері бойынша 

  • 1-дәрежелі диплом -  Роман Черемнов, Ілияс Қазымбек;
  • 2-дәрежелі диплом - Даниэль Тюлюбаев, Тайыр Әбдіқадыр, Әлтайыр Ақанов. 
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: