Жамбыл облысында фельдшердің кеудесіне оқ тиді

Жамбыл облысында фельдшердің кеудесіне оқ атылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 19:27 Сурет: pixabay
Жамбыл облысында жедел жәрдем фельдшерінің кеудесіне оқ атылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқ травматикалық тапаншадан тиген. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаны облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Зардап шеккен адамға ота жасалып, қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Оқиға жан-жақты әрі объективті тергеліп, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады, - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 27 мамырда қала тұрғынын жедел жәрдем фельдшеріне орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіргені үшін кінәлі деп таныған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: