Перизат Қайрат дипломды қалай "жасатпақ" болған: куәгер айтып берді

Перизат Қайрат дипломды қалай "жасатпақ" болған: куәгер айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2025 18:39 Сурет: instagram/01pk
2025 жылғы 17 шілдеде Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысында куәгер сотталушының жоғары білім туралы дипломы қалай пайда болғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгер Толғанай Боранқұл прокурорға Перизат Қайраттың "дипломды замутить ету" деген сөзін қалай түсінгенін түсіндірді.

"Ол бір министрдің көмекшісі болып жұмысқа тұрмақ болды. Менің түсінігімде, "замутить" деген – сатып алу немесе сырттай оқу арқылы диплом алу, мемлекеттік мекемеге жұмысқа тұру үшін", - деді ол.

Оны сөзін бөлген Перизат Қайрат бұл сөзі дипломды тіркеу туралы болғанын, себебі оның айтуынша, өзі шетелде білім алған және дипломы нострификацияланбағанын айтты. Ал куәгердің де шетелде оқығанын ескеріп, одан кеңес сұрағанын түсіндірді.

Бұған дейін іс бойынша тағы бір куәгер Перизат Қайратқа кәсіпкерлер тасқыннан зардап шеккендерге деп берген қаражатты ол қытайлық торлы сөмкелермен тасымалдағанын айтқан болатын.

2025 жылғы 14 шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Ол алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша айыпталып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: