Атыраудағы ірі өрт: тұрғын үйдің 600 шаршы метр шатырын жалын шарпыды
Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 17 шілдеде Атыраудағы Сарықамыс ықшамауданында екі қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында оттың үйдің ішіне, сондай-ақ жанындағы гараж бен шаруашылық құрылысқа таралуына жол берілмеді.
"Өрт 600 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript