Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Алматы, Майлин, 19 шілде, 20 шілде, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2025 13:58 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мәлімет 2025 жылы 19 шілдеде Almaty_Joly Telegram арнасы хабарлады:

  • 1-КЕЗЕҢ: 19 шілде күні сағат 23:00-ден 20 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс Бұқтырма көшесінен бастап ВАЗ айналма жолына дейін жабылады.
  • 2-КЕЗЕҢ: 20 шілде күні сағат 23:00-ден 21 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс ВАЗ айналма жолынан бастап Бұқтырма көшесіне дейін жабылады.
"Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуларыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада Сарыарқа" СОО артындағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: