Қазақстанда газ баллондарын тіркеу міндеттеледі: 1 тамыздан не өзгереді

Газ баллондарын тіркеу міндеттеледі: 1 тамыздан не өзгереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 18:20 Сурет: freepik
Қазақстанның энергетика министрі 2025 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен тұрмыстық газ баллондарын сәйкестендіру және есепке алу жүйесінің жұмыс істеу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енгізілген маңызды өзгерістер:

1. "Газ құю станциясы" ұғымы анықталды:

Бұл – технологиялық жағынан өзара байланысты объектілер кешені. Ол сұйытылған мұнай газын сақтау, құю (теміржол цистерналарына, автоцистерналарға, тұрмыстық баллондарға), сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеу және кәдеге жарату үшін арналған.

2. Егер газ құю пунктінде өз есепке алу жүйесі болмаса, олар уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалануы тиіс.

Ақпараттық жүйеге мәлімет енгізу:

  • Жергілікті атқарушы органдар мен газ құю станциялары/пункттері арқылы жүзеге асады.
  • Жеке кабинет арқылы тіркеліп, қол қойылған электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.

3. Баллондар сәйкестендірілуге тиіс:

  • Бірегей кодпен немесе газ құю пункті иесінің тауарлық белгісімен.
  • Кодта: станцияның атауы, иесінің БСН немесе ЖСН болуы керек.

Есепке алу кезінде тіркелетін негізгі деректер:

Алғаш тіркеу кезінде:

  • Баллонның зауыттық нөмірі
  • Сыйымдылығы
  • Шығарылған күні
  • Соңғы жөндеу немесе тексеру күні
  • Жөндеуге/тексеруге жауапты адамның аты-жөні

Егер соңғы жөндеу/тексеру уақыты көрсетілмесе – баллон тексеріліп не жөнделіп, бұл туралы ақпарат жүйеге енгізіледі.

Сұйытылған газды сату кезінде енгізілетін деректер:

  • Газ құйылған күн
  • Баллон сатылған күн
  • Сатып алушының ЖСН және тұрғылықты мекенжайы

Сатылған баллондар мен сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша есеп уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.

Маңызды шектеу:

Бір мекенжайда тіркелген бір немесе бірнеше адамға бір айда 50 кг-нан артық сұйытылған газ сатылса, мұндай баллондар есепке алынбайды.

Есеп беру мерзімі:

Газ құю станциясы мен пункттері ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ЭЦҚ арқылы жергілікті атқарушы органға:

  • Тұрмыстық баллондар айналымы
  • Онда сатылған сұйытылған газ көлемі

туралы мәліметті ақпараттық жүйе арқылы тапсыруға міндетті.

Бұйрық 2025 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: