Қазақстанды нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және +42°C дейінгі аптап ыстық күтіп тұр
Сурет: unsplash
2025 жылғы 25 шілде, жұма күні Қазақстан аумағына нөсер жауын, найзағай, бұршақ, қатты жел, шаңды дауыл мен тұман келуі мүмкін. Сонымен қатар елдің бірнеше өңірінде аптап ыстық +42°C-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша тек оңтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Солтүстік-батыс циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр мен найзағай әкеледі. Батыс пен солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, кей аймақтарда дауыл мен бұршақ болуы ықтимал… Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі", - делінген болжамда.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз келесі өңірлерде аптап ыстық болады:
- Жетісу облысы – +35…+38°C;
- Алматы облысы – +35…+37°C;
- Жамбыл облысы – +38…+40°C;
- Түркістан облысы – +40…+42°C;
- Қызылорда облысы – +40°C;
- Ұлытау облысы – +35°C;
- Қарағанды облысының орталығы мен оңтүстігі – +36°C;
- Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігі – +35°C.
Кейбір өңірлерде өте қатты ыстық күтіледі:
- Жетісу облысының оңтүстігі – +40°C;
- Алматы облысының батысы мен солтүстігі – +42°C.
Сонымен қатар "Қазгидромет" өрт қаупінің жоғары деңгейін ескертті.
Жоғары өрт қаупі:
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Абай облысы;
- Қостанай облысының батысы мен шығысы;
- Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығы;
- Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысы;
- Павлодар облысының батысы, оңтүстігі және шығысы;
Төтенше өрт қаупі:
- Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары;
- Жетісу, Ұлытау облыстары;
- Атырау облысының орталығы, оңтүстігі мен шығысы;
- Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысы;
- Ақтөбе облысының орталығы, оңтүстігі;
- Батыс Қазақстан облысының шығысы;
- Қостанай облысының оңтүстігі;
- Абай облысының оңтүстігі, солтүстік-батысы және орталығы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript